15
сентябрь
2025
4-сынып оқушылары арасында Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай танымдық сабақ өтті
2025 жылдың 12 қыркүйегінде «Лев Гумилев атындағы №38 гимназия» КММ-де 4-сынып оқушылары арасында Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай танымдық сабақ өтті. Сабақта тілдің ел бірлігіндегі рөлі мен ұлт ұстазының еңбектері туралы айтылды. Оқушылар тақпақтар оқып, мақал-мәтелдер айтып, «Кім жылдам?» және «Полиглот» ойындарына қатысты. Сондай-ақ, «Отан — оттан да ыстық», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» мақалдарының тәрбиелік мәні талқыланды. Танымды сабақ қызықты әрі тәрбиелік мәнге толы болды, оқушылар тілге құрметін арттырды. Пән мұғалімі: Козыбаева А.У.