"Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем" » Өскемен қаласы әкімдігінің «Л.Гумилев атындағы №38 гимназия» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Гимназия №38 имени Льва Гумилева"
отдела образования по городу Усть-Каменогорску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232)25-07-90
Есеп бөлімі:
+7 (7232)25-07-13
Нашар
көрушілер нұсқасы
23
Қазан
2025

"Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем"

23 қазан күні № 38 гимназияда 6 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен "Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем" тақырыбында Республика күніне арналған викториналық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты — оқушылардың отаншылдық рухын арттыру, елімізге деген сүйіспеншіліктерін нығайту және мемлекеттік мерекелерге деген құрмет сезімін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын шырқап, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдары арқылы білдірді. Сонымен қатар, қазақтың дана сөздері — мақал-мәтелдерді жатқа айтып, өздерінің тіл байлықтары мен ой-өрістерін көрсетті. Викториналық сұрақтар арқылы оқушылар еліміздің тарихы, географиясы және мәдениеті жөніндегі білімдерін ортаға салды. Бұл тәрбиеге толы танымдық сабақ оқушылардың белсенділігін арттырып, елге, жерге деген құрметін нығайта түсті. Пән-мұғалімдері: Смағұлова А.Д., Козыбаева А.У.