“Кім? Не?Қайда?Қашан?” / Зияткерлік сайыс сабағы » Өскемен қаласы әкімдігінің «Л.Гумилев атындағы №38 гимназия» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Гимназия №38 имени Льва Гумилева"
отдела образования по городу Усть-Каменогорску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232)25-07-90
Есеп бөлімі:
+7 (7232)25-07-13
Нашар
көрушілер нұсқасы
13
Желтоқсан
2023

“Кім? Не?Қайда?Қашан?” / Зияткерлік сайыс сабағы

2023 жылғы 13 желтоқсанда “Лев Гумилев атындағы №38 гимназия” КММ-нің 10 АБ сыныптарында қазақ тілі апталығы аясында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай “Кім? Не?Қайда?Қашан?” атты зияткерлік сайыс сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы видеофильм көру арқылы түсініктерін кеңейтіп, Тәуелсіздік үшін құрбан болған жастардың ерлігі туралы ақпараттарымен бөлісті. Тәуелсіздік құрбандарын еске алып, бір минут үнсіздік жарияланып, еске түсірді. Топтық жұмыс ұйымдастырылып, ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғалар мен даталарды білу деңгейін тексеру мақсатында “Кім? Не? Қайда? Қашан?” зияткерлік сайысы өткізілді. 10, 20, 30, 40, 50 ұпайлық сұрақтарды таңдап, барынша дұрыс жауап беруге тырысты. Оқушылар сайысқа белсене, қызығушылықпен қатысты.