«Біздің Отанымыз – Қазақстан!» / «Независимость – моя гордость!»
Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясының 5 «А», «Б» сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті сабағында еліміздің Тәуелсіздік күніне орай және де қазақ тілі кафедрасының апталығы аясында «Біздің Отанымыз – Қазақстан!» атты шағын жоба жұмысын қорғау танымдық сабағы өтті. Сабақ барысында оқушылар 16 желтоқсан мерекесінің Қазақстан халқы үшін атаулы күн екенін және тәуелсіздікке жеткізген тарихи кезеңдер туралы танып, білді. Оқушылар «Мен елім туралы не білемін?» атты сұрақ-жауап ойынына қатысты.