Фестиваль спорта и здоровья - 2022
2022 жылдың 16 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіде Қазақстандағы балалар жылына арналған «Спорт және денсаулық фестивалі-2022» өткізілді. Фестивальге 2-11 сынып оқушылары, педагог ұжымы мен ата-аналар белсене қатысты. Спорттық мерекеге қатысушылар футбол, волейбол, пионербол, көңілді старттар, атыс, баскетбол және лазертагт ойындарында өз күштерін сынап көрді.